Қарулы Күштерде "Алдаспан-2020" командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

724

Әскер оқу-жаттығу дабылымен көтеріліп, штаттық техникамен Жамбыл облысында орналасқан "Мәтібұлақ" полигонына барды.

Қарулы Күштерде "Алдаспан-2020" командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Қарулы Күштерде "Алдаспан-2020" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығуға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері тартылды. Әскер оқу-жаттығу дабылымен көтеріліп, штаттық техникамен Жамбыл облысында орналасқан "Мәтібұлақ" полигонына барды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау. Әскери маневрлер ауданына келген әскерлер тобы, жергілікті жерді барлауды жүзеге асыруы, оқу-жаттығу жауынгерлік міндетін алуы, шартты қарсыласты анықтауы, сондай-ақ дағдарыс ауданында тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша арнайы операция жүргізуге тиіс.

Оқу-жаттығу барысында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсеткен танк бөлімшелері мен әскери авиация күштерін қолданудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану жоспарлануда.

Оқу-жаттығу 23 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу