Қарулы Күштерде дауыс беру аяқталды

780

Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде құрылған 19 сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімнен бұрын аяқталды. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жерлері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс береді.

Қарулы Күштерде дауыс беру аяқталды

Қорғаныс министрлігінң баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде 19 сайлау учаскесі құрылған. Заң бойынша бұл учаскелер 1 сағатқа ерте ашылып, тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берген соң жұмыстарын аяқтауға тиіс болатын. 

Жүздеген әскери қызметшілер үшін бұл алғаш рет қатысқан сайлау болғанын айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу