Қарулы күштерде роталық тактикалық оқу-жаттығу аяқталды

599

Маңғыстау облысының "Оймаша" полигонында оқу-жаттығуға 800-ден астам әскери қызметші қатысып, 70-ке жуық әскери техника жұмылдырылды.  

Қарулы күштерде роталық тактикалық оқу-жаттығу аяқталды Фото: gov.kz

Шара командирлердің бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіру, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік міндеттерін орындау кезінде олардың үйлесімділігін, кәсіби шеберлігі мен кәсіби машығын арттыруға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz.

Ротаның тактикалық дайындығын қазіргі заманғы ұрыстың талаптары мен шарттарына дейін көтеру шағын бөлімшелер құрамындағы іс-қимылды ұдайы пысықтау жолымен жүзеге асырылады.

Роталық тактикалық жаттығулар бірнеше кезеңдерде өткізіледі, атап айтар болсақ: "дабыл" бойынша көтерілу, белгіленген ауданған марш жасау және жүктелген оқу-жауынгерлік тапсырмаларды тікелей орындау.

Артиллериялық есептоптар, инженерлік-саперлік, танк бөлімшелері, жауынгерлік ӘШҚҚ есептоптары, атысты қолдау ротасының жеке құрамы және РХБ қорғау мамандары жұмылдырылған.

"Әскери қызметшілер қорғаныста және шабуылда тактикалық іс-қимылдарды пысықтады. Тапсырмалар күндіз және түнде әртүрлі жерде, елді мекендерде орындалды", – деді 25744 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Сергей Бибулатов.

Оқу-жаттығулар "Майлин", "Мәтібұлақ" және "Көктал" полигондарында да өтті. Аягөз гарнизонында олар танк және мотоатқыштар бөлімшелерімен өткізілді. Жауынгерлік даярлық шараларына тірек пунктінің инженерлік жабдықтары, қорғаныс пен шабуылда тактикалық әдістерді пысықтау, РХБҚ бөлімшесінің іс-қимылдары және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері кірді.                                     

Гвардейск гарнизонында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында танкистер, артиллеристер мен мотоатқыштар шартты қарсыласты жою, взводтың тірек пунктін басып алу, қарсы шабуылға тойтарыс беру және атыс позициясын өзгерту сияқты тактикалық маневрлерді орындады.

Бөлімшелердің командирлері мен жеке құрамы штаттық, берілген және қолдаушы атыс құралдарының барлық түрлерінен нақты атыс жүргізе отырып, жауынгерлік міндеттерді орындауға машықтанды, түрлі әскер тектерінің бөлімшелері қаруымен қарсыласты жеңуі және өзара үздіксіз байланысы іс жүзінде шыңдалды. 

Полигондарда барлығы 7500-дің үстінде әскери қызметші қатысқан 500-ден аса роталық тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу