Қарызы көбейіп, сыртқы фактор әсері күшейген Қазақстанның жағдайы – негатив

709

Қазақстанның қаржылық және сыртқы факторға байланысты рисктері жоғары болғандықтан, S&P халықаралық рейтингтік агенттігінің тәуелсіз кредиттік рейтингіндегі орынынан "негативке" қарай құлдырауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы агенттікке сілтеме беріп.

Қарызы көбейіп, сыртқы фактор әсері күшейген Қазақстанның жағдайы – негатив

"Біздің ойымызша, Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысындағы ықтимал іркілістерге байланысты осал болып қалады", – делінген хабарламада.

Аталмыш құбыр желісі арқылы өндіретін мұнайының 80%-ға жуығын экспорттайтынын және еске салады.

Сарапшылардың пікірінше, КҚК-нің өткізу қабілеті ұзақ уақыт бойы төмендеген жағдайда, елдің сыртқы экономикалық және фискалдық көрсеткіштеріне бұл теріс әсер етуі мүмкін.

Ішкі қаржыландыруға тәуелділік пен қарыз алу құны артып, берешекті өтеуге шығыстар өсуі және бюджет көрсеткіштерінің нашарлауы мүмкін.

"Шетелдік һәм ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша Қазақстан ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингте "ВВВ-/А-3" деңгейінде екені расталды. Ал ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингі "kzAAA" деңгейінде екенін растадық. Валютаны аудару және айырбастау тәуекелін бағалау BBB деңгейінде қалады", – делінген хабарламада.

Бұл негатив болжам мұнай экспортында қатер барын, берешекке арналған шығыстар өсетінін көрсетеді.

"Егер инфляциялық қысым мен қарыз тартуға жұмсалатын шығындардың өсуі осы беті берешекке қызмет ету, оны өтеуге жұмсалатын шығыстардың өсуіне ықпал ете берсе, біз де рейтингтерді төмендете аламыз. Ауқымды наразылықтар немесе тәртіпсіздіктер салдарынан ішкі тұрақтылықтың нашарлауы сияқты басқа да тұрақсыздандырушы факторлар да рейтингтің төмендеуіне әкелуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Оң сценарий бойынша, егер бюджеттік көрсеткіштердің өзгеруінің орта мерзімді перспективалары жақсарса, берешектің өсуі баяуласа, ал берешекке қызмет ету мен өтеуге арналған шығыстар көлемі қысқарса, Қазақстанның рейтингтері бойынша болжам "тұрақты" болып қайта қаралуы мүмкін. Бұған үкімет мұнайдан өзге кірістер базасын едәуір арттырса немесе шығындарды қысқартса қол жеткізуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу