banner

Қарызын кешіктіріп төлейтіндерге несие беруге тыйым салу керек

Сенатта осындай ұсыныс айтылды. 

Қарызын кешіктіріп төлейтіндерге несие беруге тыйым салу керек Фото: google

Елімізде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға банктер мен микроқаржылық ұйымдардың (МҚҰ) несие беруіне заңмен тыйым салу керек. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында осындай ұсыныс айтты.

 "Заңнамалық деңгейде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға банктер мен микроқаржы ұйымдарының несие беруіне тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды", - деді Әбілқасымова депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ведомство басқа қарыздары бойынша несиені 90 күннен астам кешіктірген азаматтардың борышының өсуін берешек жүктеме коэффициенті арқылы шектей алады.

"Қарыз алушының жүктемесі оның кірісінің 50 пайызынан аспауы керек.  Егер артық болса, онда қарыз алушыға несие берілмеуі керек. Бірақ біздің тексерулер бұл норманы барлық қаржы институттары тұрақты түрде орындамайтынын көрсетті", - деп түсіндірді Әбілқасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу