Қаржы министрі: Парламенттегі партияларды қаржыландыру сомасы қайта қаралмақ

448

Қазір бұл сома 11,8 млрд теңгені құрайды.  

Қаржы министрі: Парламенттегі партияларды қаржыландыру сомасы қайта қаралмақ Фото: zakon.kz

ҚР Парламенті Сенатының кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары- Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев парламенттегі партияларды қаржыландыру республикалық бюджетті түзету кезінде қайта қаралуы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қаржы министрінің айтуынша, Парламенттегі партияларды қаржыландыру көлемі Орталық сайлау комиссиясының өтініші негізінде қаралуы мүмкін.

"Жақын арада біз 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін Парламентке барамыз және Орталық сайлау комиссиясының өтініштері негізінде бұл бюджетті қайта қараймыз. Тиісінше, оны қайта бөлеміз", - деді министр Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар, Жамаубаев заң бойынша бюджеттен тек Парламенттегі партияларға ғана ақша бөлінетінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу