Қаржы министрі: Зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ

556

Қаржы министрі – Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, зейнет жасын төмендету мәселесі қаржылық жағынан әлі қаралған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қаржы министрі: Зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ

"Үкіметте бұл сұрақ қаралмады, біз қолданыстағы заңмен жұмыс істеп келеміз. Ұлтымыз, құдайға шүкір, жас ұлт болып есептеледі. Еңбек министрлігі әртүрлі тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді, соның ішінде күміс жас бағдарламасына қаражат бөлініп жатыр", – деді Жамаубаев.

Оның айтуынша, елде зейнетақы төлеуге жыл сайын 2,2 трлн теңге бөлінеді. Егер зейнет жасы төмендейтін болса, тағы қосымша қаражат керек болады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 16 маусымда зейнет жасын төмендету мәселесі қаржылық жағынан қаралуы керек екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу