Қаржы министрлігі қаржылық есептілік нысандарын жасау және ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірледі

665

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. 

Қаржы министрлігі қаржылық есептілік нысандарын жасау және ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірледі Фото: gov.kz

ҚР Қаржы министрлігі қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына өзгерістер дайындады.

Бұйрық жобасында көрсетілгендей, қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттер және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемі, мерзімділігі, мерзімдері мен оларды жасау және ұсыну тәртібін белгілейді.

"Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгілеген және олар қаржылық есептілікті беру күніне дейін мемлекеттік мекемелердің қаперіне жеткізген мерзімдерде ұсынады. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қаржылық есептілікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгілеген және олар қаржылық есептілікті ұсынған күнге дейін мемлекеттік мекемелерге жеткізген мерзімдерде ұсынады”, - делінген хабарламада.

Құжатты жария талқылау 19 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу