Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер пакетін әзірледі

444

Президенттің құрылыс нарығын демонополизациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бірқатар шаралар қабылданды. 

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер пакетін әзірледі Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу үшін тапсырыс берушінің қосымша құқығы көзделген.

"Бүгінгі таңда министрлік аумақтық белгі және теріс мәні түріндегі әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін жаңа өлшемшартты белгілеу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер пакетін әзірледі. Бұл түзетулер бүгінде ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр", - деді вице-министр.

Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, бұл тәсілдер ірі компаниялардың монополиялық жағдайын төмендетуге, шағын және орта бизнесті дамытуға көмектеседі.

Бұдан басқа конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшартты есептеу 10 жылдан 5 жылға дейін төмендетілген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу