Қаржы министрлігі мен кәсіпкерлер палатасына тапсырма берілді

882

Наурыз айының соңына дейін уақыт берілді.

Қаржы министрлігі мен кәсіпкерлер палатасына тапсырма берілді

Премьер-министр көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі күні бүгінге дейін шешілмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Асқар Мамин үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Inbusiness. kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бойынша тәсіл әзірлеп, үкіметке енгізсін!" – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу