Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық схемаларын жасады деп айыпталуда

776

Жамбыл облысының ең ірі 42 кәсіпорны осылай деп Президент әкімшілігінің жетекшісіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мен мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрайымының атына хат жолдады.  

Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық схемаларын жасады деп айыпталуда

Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық схемаларын жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды Atameken Business теларнасы.

Біздің қолымызға кеше түскен мына жазбада бірнеше лауазымды тұлғалардың аты аталған. Жаңа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев – жас, ақылды, бір қарағанда шыншыл. Бірақ ол қызметке келгелі Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық әреткеттері артты, - делінген.  7 беттік хатта тағы бір маңызды мәлімет жазылыпты.  "Мемлекеттік кірістер департаментіндегі экспорттық бақылау бөліміне арнайы тексеріс жүргізулеріңізді сұраймыз. "Қордай", "Сырым" шекара бекеттері былыққа батқан. Салықшылар әр жүк көлігінен 2 мыңнан 10 мың долларға дейін ақша талап етеді" - делінген. Хаттың мәтінінде жауапты органдардың бұдан да басқа былықтары жазылған. СКРИН ТІЗІМ: Ал соңында Жамбыл облысының 48 ірі кәсіпорын басшыларының қолы қойылып, аймақтық кәсіпкерлер палатасының мекен жайы көрсетілген.  Біз бұл хат қолымызға тие салысымен өз зерттеуімізді жүргіздік. Кеше кешке хатта жазылған 48 компанияның тең жартысына хабарластық. Экспортелрлерге де телефон шалдық. Дені өз қауіпсіздіктерін ойлап, ақпарат беруден бас тартты. Тек бірін телефон арқылы жазып алдық. Оның өзі аты-жөнін атамауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу