Министрлік шілдеде 460 млрд теңге көлемінде мемлекеттік бағалы қағаз орналастыруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл айда орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаз көлемі маусым айымен салыстырғанда 37 пайызға аз. Өткен айда 616 млрд теңгеге МБҚ сатылған еді.
Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, шілдеде шығарылатын қағаздардың 65%-ы – ұзақмерзімді облигациялар. Яғни МБҚ-ны өтеу мерзімі 5 жылдан асады. Мұндай қадам бюджет тапшылығын қаржыландыру мен нарықтағы өтімділікті реттеу мақсатында жүзеге асырылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу