Қаржы министрлігінде ЕҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастық талқыланды

1055

Қаржы министрлігінде ЕҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастық талқыланды

Қаржы министрлігінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) Қазақстан Республикасы атынан Басқарушы, Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың ЕҚДБ бірінші вице-президенті Филл Беннетпен кездесуі өтті.

Қаржы министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы өзара іс-қимыл серпінін талқылады, жақын арадағы 4 жылға ынтымақтастық басымдықтарына қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан үшін Банктің жаңа стратегиясын дайындаудың бірқатар практикалық мәселелерін көтерді.

Тараптар сондай-ақ басымды бағыт ретінде кең ауқымды жекешелендіруді өткізу және Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын құру мәтінінде капиталдың жергілікті нарықтарын ынталандыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов жасыл экономика қағидаттарын ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, ЕҚДБ өкілдері Қазақстан Үкіметімен Банктің ойдағыдай іс-қимылын жасайтынын атап өтті. Бұл ретте, олар Б. Сұлтановқа әріптестікті кеңейтудегі көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан қазіргі уақытта Ресей, Түркия және Орталық Азия арасында қаржыландыру бойынша 2-ші орын алады.

Әріптестік туралы негізгі келісімдер шеңберінде ЕҚДБ инвестициялық жобаларының индикативтік қоржыны 3 965 млн теңге АҚШ долларын құрайды, оның ішінде ЕҚДБ үлесі 1 232 млн АҚШ долларын құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу