Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 1,7%-ға төмендеді

753

Жылдық орташа кірістілік 9,65%-дан 10,62%-ға дейінгі мөлшерді құрады.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 1,7%-ға төмендеді

2021 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 204,7 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы мамырда барлығы 12 облигация шығарылып, онда 2 жылдан 14 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша жылдық орташа кірістілік 9,65%-дан 10,62%-ға дейінгі мөлшерді құрады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы мамырда 1,7%-ға төмендеп, 9 885,7 млрд теңге болды", – деп хабарлады реттеуші.

2021 жылғы мамырдың соңында 4 жылға дейінгі кірістіліктің өскенін байқауға болады. 

"Бұл ретте 4 жылдан асатын сегментте 2021 жылғы сәуірдің соңындағы деңгеймен салыстырғанда кірістіліктің төмендегені байқалады", – деп хабарлады реттеуші.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу