Қаржы мониторингі агенттігі елден қаражат шығару фактілері бойынша 7 қылмыстық істі тергеп жатыр

866

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Елимановты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі елден қаражат шығару фактілері бойынша 7 қылмыстық істі тергеп жатыр

Жанат Елиманов бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндай келе 552 қылмыстық іс қозғалғанын, олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар екенін атап өтті. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген. 

Елиманов Мемлекет басшысына Қазақстаннан заңсыз ақша шығаруға қарсы жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Бүгінгі таңда 7 қылмыстық іс тергелуде, 28 миллион доллар тәркіленді", – делінген президент сайтында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу