6,5 млрд теңге пайда тапқан: Қаржы пирамидасын құрған әйел Грузиядан экстрадицияланды

80

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

6,5 млрд теңге пайда тапқан: Қаржы пирамидасын құрған әйел Грузиядан экстрадицияланды Фото: видеодан алынған кадр

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті Астанада "World Business Consulting" қаржы пирамидасының құрылымын басқарды, оның бөлімшелер желісі 2018-2022 жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтар мен жоғары пайда алуды сылтауратып, 6,5 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан. 

"Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушысы нақты бас бостандығынан айыруға сотталды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қарашасында ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көрсетілген қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу