Қаржы пирамидасын жарнамалағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

439

Қаржы пирамидасына жарнама жасағандар, енді, қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қаржы пирамидасын жарнамалағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тиісті заң жобасын бүгін сенаторлар қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Осы құжат арқылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Еске салайын, қаржы пирамидалары мен қаржылық алаяқтықпен күресу, осы тәріздес қылмыстарды бастапқы кезеңде тоқтату, күдікті ұйымдарды жарнамалауды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында әзірленген заңнаманы қабылдауға депутаттар бастамашы болған еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу