Қаржы пирамидасына қатысты 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

497

Былтыр "алаяқ" ұйымдар жәбірленушілерге 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспсөз мәслихатында Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы пирамидасына қатысты 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

"Қабылданған іс-шаралардың, оның ішінде сайттарды бұғаттау, ұйымдастырушыларды, филиалдарды, құрылымдық бөлімшелерді орнату бойынша іс-шаралардың нәтижесінде 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды. 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 50-і сотталды, қалғандарына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын қаражатқа, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды", – деді Санжар Әділов. 

Спикердің айтуынша, былтыр елімізде 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларынан зардап шеккен. Оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

"Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар, 3 мыңнан астам адам жәбірленуші деп танылды", – деп түйіндеді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу