Қаржы реттеушісі ломбардтар мен микро-қаржылық ұйымдарға 5,7 млн теңге айыппұл салды

849

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда микроқаржылық ұйымдары мен ломбардтарға арнайы мониторинг жүргізді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің басқа да өңірлеріндегі тексерулер кезінде 30 әкімшілік жаза қолданылып, 9 жазбаша ұйғарым шығалды. Осылайша қаржы ұйымдарына жалпы сомасы 5,7 млн теңге айыппұл салынды. 

Қаржы реттеушісі ломбардтар мен микро-қаржылық ұйымдарға 5,7 млн теңге айыппұл салды

"TAS CREDIT" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 416 700 теңге сомаға айыппұл салынды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемін көрсетпеу түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін  "Ломбард "Пятачок" ЖШС-ға, "Ломбард Доверие" ЖШС-ға, "0,18% Lombard" ЖШС-ға, "Алтын Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард Кредит kz" ЖШС-ға, "ЛОМБАРД СТОЛИЧНЫЙ КЗ" ЖШС-ға, "Тез Ломбард" ЖШС-ға, "Цифра Ломбард" ЖШС-ға, " Экспресс займ МҚҰ" ЖШС-ға, "Ломбард "Срочно деньги" ЖШС-ға, "Ломбард Status&Ko" ЖШС-ға, "Ломбард "Народный KZ" ЖШС-ға, "Ломбард "Агат-Т" ЖШС-ға  қатысты жалпы сомасы 4,7 млн теңгеге айыппұл түрінде 27 әкімшілік жаза қолданылды", - деп жазылған қаржы реттеушісі таратқан хабарламада. 

Бұған қоса "Микроқаржылық қызмет туралы" заңда қарастырылмаған қызметті жүзеге асырғаны үшін "Лидер – Капитал 168" МҚҰ" ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 555 600 теңгеге  айыппұл салынды. 

Сонымен қатар "Адиль-Ломбард" ЖШС-ға, "Ай-Н Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард-Қаржы" ЖШС-ға, "Ломбард "ҰЛЫ ШЫҢ" ЖШС-ға, "Голд-Юг-Ломбард" ЖШС-ға, "Ломбард  "Комфорт" ЖШС-ға, "Оңтүстік Финанс-Ресурс" кредиттік серіктестігі" ЖШС-ға, "Creditum" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ға, "TESQUA FINANCE" МҚҰ"  ЖШС-ға  микрокредит беру туралы шарттарының заңнамаға сай болмағаны үшін 9 жазбаша ұйғарым шығарылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылғы желтоқсанда екінші деңгейлі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты заң бұзушылықтар, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу