Қаржы жымқыру ісі бойынша 300-ге жуық фермерден жауап алынады – ШҚО

458

Шенеунік пен кәсіпкер күдікке ілінді, бірақ олар өздерін кінәлі емеспіз дейді.

Қаржы жымқыру ісі бойынша 300-ге жуық фермерден жауап алынады – ШҚО Фото: ашық дерекөзден

Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Владимир Гайламазян "бюджеттен қаржы жымқыру" бабы бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шенеунікпен бірге бір кәсіпорын басшысы да күдікті ретінде қарастырылып жатыр. Олар күн панельдерін орнату үшін берілетін субсидияны қалтасына басқан болуы мүмкін. Шамамен бір миллиард теңге сомасында қаражат жоғалған делінеді.
Бұл істе ШҚО әкімдігі "жәбірленуші" болып отыр. Бірақ күдіктінің адвокаты бұл бағдарламаға ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты, сондықтан жәбірленуші солар болуы керек еді дегенді айтады. 

Ақпаратқа қарағанда, іс бойынша 300-ге жуық фермерден жауап алынбақ.

Айта кету керек, күдіктілер кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу