Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөнін жариялады

154

Оларға Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру күдігімен іздеу жарияланды.

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөнін жариялады Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

  • Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
  • Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында "1WIN" онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.

"Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген Антикор хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу