KASE басқармасының құрамы өзгерді

127

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен Михаил Гришко басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.   

KASE басқармасының құрамы өзгерді Фото: AFK.kz

Сонымен қатар, Елдос Қуанышбеков IT басқарушы директоры және басқарма мүшесі лауазымдарынан кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

- Михаил Гришко 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 2026 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімге басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Ал Елдос Қуанышбековтің өкілеттігі 2025 жылғы 30 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлады биржа.

Гришконың қор нарығы мен қаржы инфрақұрылымында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін ол "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" және "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-да жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Ол цифрландыру, икемді басқару әдістерін енгізу, клиенттік сервистерді жетілдіру және өнімдер моделін дамыту бағытында бірқатар ірі жобаларды іске асырған.

2025 жылдың 2 мамырынан бастап KASE басқармасы келесідей құрамда жұмыс істейді:

  • Әділ Мұхамеджанов – басқарма төрағасы;
  • Дана Аманжолова – басқарма төрағасының орынбасары;
  • Ермек Мәжекенов – басқарма төрағасының орынбасары;
  • Жайнар Саржақов – басқарма төрағасының орынбасары;
  • Михаил Гришко – басқарма төрағасының орынбасары.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу