banner

KASE-де алғашқы мәміле 442 теңге бағамы бойынша жасалды

810

Теңге құлдырай бастады. 

KASE-де алғашқы мәміле 442 теңге бағамы бойынша жасалды

Қазақстан қор биржасында теңге мен доллар жұбы бойынша алғашқы мәміле 442 теңге бағамында жасалды, деп жазды inbusiness.kz.

Алматы мен Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында сағат 10:30-дағы мәлімет бойынша доллар 445-450 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте KASE "техникалық себептермен" қор нарығындағы сауда-саттық сағат 12.00-де ашылатынын хабарлады. Валюталық сессия, биржаның мәліметі бойынша, ашық, бірақ сауда-саттық басталған сәттен бастап 25 минут ішінде тек бір транзакция өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу