KASE-де доллар 442 теңге шамасында сатылуда

573

Елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың ең жоғары бағамы 447 теңге, Алматыда 450 теңге.

KASE-де доллар 442 теңге шамасында сатылуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 мамырда сағат 12.30-да доллардың орташа сараланған бағамы 442,74 теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 447 теңге, Алматыда 450 теңге болды.
Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы 1 долларға 434,47 теңгені құрайды.
Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу