KASE-де доллар 461 теңгеге жақын сатылуда

499

Елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 470 теңге, Алматыда 471 теңге.  

KASE-де доллар 461 теңгеге жақын сатылуда

Қазақстан қор биржасында (KASE) 23 маусым сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 461,49 теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:20-да 470 теңге, Алматыда 471 теңге шамасында.

Ұлттық банктің 23 маусымға бекіткен ресми бағамы 1 долларға 454,11 теңге. Келесі күнгі теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша белгіленді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу