KASE-де доллар бойынша алғашқы мәміле 510 теңгеге жасалды

1168

Алайда ақша айырбастау пункттерінің көбі АҚШ валютасын саудалауды тоқтатты. 

KASE-де доллар бойынша алғашқы мәміле 510 теңгеге жасалды

Қазақстан қор биржасындаға (KASE) алғашқы саудада доллар 510 теңге көрсеткішіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,21 теңгеге өсіп, 510 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6-9 наурызға бекіткен доллардың ресми бағамы 503,30 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, дәл қазір Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 518,5 теңге, сату – 524,5 теңге.

Осы ақпаратты растау мақсатында inbusiness.kz тілшісі ақша айырбастау пункттеріне қоңырау шалды. Алайда валюта сатушылар сайтта ресми бағам көрсетілгенімен, доллар таусылып қалғанын жеткізді. 

Ал Ресей биржасында рубльдің АҚШ валютасына шаққандағы бағамы 8,5% құлдырады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкі Қазақстан қор биржасымен бірлесіп 9 наурызда теңге-доллар валюта жұбындағы сауда-саттық ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Мәлімдемеге сәйкес, теңге-доллар валюта жұбындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылып, Франкфурт аукцион форматында өтті.

Қор биржасында сауда көлемі 210,7 млн долларды құрады. Ұлттық банк 198,9 млн АҚШ долларына валюталық интервенция жүргізді, саудаға Ұлттық банктің қатысу үлесі 94,4% болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу