KASE-де өткен айдағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд долларға жетті

716

Шілде айының қорытындысына сәйкес, теңге бағамы 1 доллар үшін 477,07 теңгеге дейін немесе 1,5%-ға өзгерді, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. 

KASE-де өткен айдағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд долларға жетті

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, өткен айда валюталық интервенциялар, БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы өзге де қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу-сату операциялары жүргізілмеген.

Теңге келесі факторлар кезінде саудаланды: АҚШ долларының нығаюы, ФРЖ тарапынан жүзеге асқан монетарлық саясаттың агрессивті күшеюі, демалыспен байланысты маусымдық факторлар. 

Бас банктің хабарламасына сәйкес, еліміздің қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі айтарлықтай өскен. Осылайша 96,4 млн АҚШ долларынан 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайып отыр. Өткен айдағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд АҚШ долларға жеткен. 

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар шамамен 543,9 млн АҚШ долларын құрады. 

Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында валюта 599,2 млн АҚШ долларына сатылды. Өткен айдағы валюта нарығындағы мәліметке сәйкес, Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,3%-ын құраған.

Сонымен қатар Ұлттық банк теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулері мен әлемдік нарыққа байланысты екендігін жазады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу