KASE-де сауда-саттық ашылған сәттен бастап теңге нығаюда

684

Соңғы мәміле бір АҚШ доллары үшін 459,50 теңгеге жасалды. 

KASE-де сауда-саттық ашылған сәттен бастап теңге нығаюда

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы сауда-саттық ашылған сәттен бастап нығаюда, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Соңғы мәміле бір АҚШ доллары үшін 459,50 теңгеге жасалды, бұл кешегі сауда-саттықтың жабылуымен салыстырғанда 5,5 теңгеге төмен.  

Мәскеуде USDRUB жұбы кеше бір АҚШ доллары үшін 79,7 рубль деңгейінде жабылып, 79,2 деңгейіне дейін нығайған еді.

Айта кетейік, бүгінде Brent маркалы мұнай да 1,6%-ға өсіп, барреліне 102,7 долларды құрап отыр.

Еске сала кетсек, KASE енді 11:00-дегі сауда-саттық нәтижелерін хабарламайды. Алайда сауда саттық барысын биржаның ресми сайтына тіркелу арқылы бақылап отыруға болады. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу