KASE-де шетелдік құнды қағаздар саудасы қашан басталады

780

"Қазақстан қор биржасы" (KASE) 15 қарашадан бастап шетелдік құнды қағаздарды саудалайды. Аламын деушілер АҚШ долларымен есеп айырысуы керек, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.  

KASE-де шетелдік құнды қағаздар саудасы қашан басталады

Сауда-саттық жаңа ашылған KASE Global секторында сағат 11:20-дан 22:00-ге дейін өткізіледі. Есеп айырысулар "Т+2" шартымен жүргізіледі, атап айтқанда есеп айырысу мәміле жасалған күннің ертеңінде болады.

Бастапқы кезеңде америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE тізіміне енгізілген (13 қағаз - ИФ-К) шетелдік акциялар ғана қолжетімді болады. Құнды қағаздарға АҚШ долларымен баға белгіленеді.

"KASE саудаланатын құралдар санын арттыру, сауда-саттық өткізу уақытын ұлғайту және жаңа секторда неғұрлым белсенді сауда жасау үшін маркет-мейкерлерді тартуды жоспарлап отыр", – делінген биржаның хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстан қор биржасы 1993 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі мен еліміздің 23 Банкінің бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта KASE шартты түрде бес негізгі секторға бөлінген: шетел валюталары нарығы, мемлекеттік құнды қағаздар нарығы, акциялар және корпоративтік облигациялар нарығы, РЕПО операциялары нарығы және деривативтер нарығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу