"KASE Global" секторында 1,2 млрд теңгеге 2,9 мың мәміле жасалды

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде брокер-дилерлердің үлесіне – 34,1 %.  

"KASE Global" секторында 1,2 млрд теңгеге 2,9 мың мәміле жасалды Фото: kursiv.kz

2022 жылдың қараша айында "KASE Global" секторындағы бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижелерімен белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

"KASE Global" секторында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 2 974 мәміле жасалды.

Мәмілелердің ең үлкен көлемі келесі акцияларға тиесілі болды:

-             Advanced Micro Devices, Inc. (AMD_KZ) – 150,2 млн теңге сомасына 245 мәміле;

-             Intel Corporation (INTC_KZ) – 133,5 млн теңге сомасына 336 мәміле;

-             Meta Platforms, Inc. (META_KZ) – 122,3 млн теңге сомасына 220 мәміле.

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде брокер-дилерлердің үлесіне – 34,1 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 13,5 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 52,4% тиесілі болды.

Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 46 акциясымен сауда-саттық ашылды, сондай-ақ секторға шетелдік эмитенттердің алты ETF бағалы қағаздары енгізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу