KASE қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

1038

Қазақстан қор биржасы (KASE) инвестициялық қызметте алаяқтық дерегінің көбеюіне байланысты тұрғындарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

KASE қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

KASE мәліметінше, Қазақстан қаржы нарығында интернет-алаяқтық жиі тіркелетін болған. Тіпті, алаяқтар Қазақстан қор биржасы атынан әрекет ете бастаған.

"KASE ешқашан Биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке немесе заңды тұлғаларға биржалық нарықтарда баю үшін өз қызметтерін ұсынбайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан қор биржасы сауда-саттықты ұйымдастырушы болып саналады.

"Биржаның сауда жүйесіне қосылуға және сауда-саттықты тек биржа мүшелеріне ғана жүргізуге мүмкіндік береді, олар инвесторлардың есебінен және мүддесі үшін қор нарығында мәмілелер жасайды. Биржаға тек лицензиясы бар брокерлік ұйымдар кіреді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ KASE реттеушінің ( Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) лицензиясы жоқ компаниялармен келісім жасау және өзара әрекеттесу кезінде клиенттер барлық ықтимал тәуекелді өзі қабылдайтынын атап өтеді.

Осыған байланысты Қазақстан қор биржасы бүгінде алаяқтар қалай әрекет ететініне тоқталды.

"Олар танымал WhatsApp, Telegram мессенджерлері, әлеуметтік желілер, электронды пошта арқылы жұмыс істейді және қоңырау шалады. Алаяқтар өзерін Биржа қызметкерлері ретінде көрсетіп, бағалы қағаздарға инвестициялауды ұсынады. Олар адамдарға жоғары инвестициялық табыс, кеңес беру, қызметтер көрсетуге уәде береді. Алайда ол үшін әртүрлі сомада қаржыны болжалды делдалдық шоттарға аударуды сұрайды", - деп жазылған хабарламада.

KASE қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. 

Қаржылық алаяқтыққа топ болсаңыз төмендегі сенім телефоны хабарласу керек:

+7 (727) 237 10 00 – қаржы тұтынушыларының құқықтарын қорғау бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу