KASE мен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасады

756

Теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сатуға шешім қабылданды

 KASE мен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасады

Өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығындағы құбылмалық айтарлықтай артты. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға төмендеп, бір тәуліктің ішінде 14 пайызға, жыл басынан бері 60 пайыздан астамға құлдырады. Әлемдік қор және валюта нарықтары құлдырауын жалғастыру үстінде. Ресей рублі бір күннің ішінде 7,3 пайызға, ал жылдың басынан бері 30 пайызға әлсіреді. Осы жағдайлар бас банк пен қор биржасының шұғыл шешім қабылдауына әсер етті.

"Осындай жағдайда ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыру ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірге 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сату шешімін қабылдады", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Айта кетсек, Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық жүргізу туралы шешім клиенттердің қолындағы өтінімдерді қанағаттандырады және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу