KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 332,37 теңге

772

KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 332,37 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен  күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. 26 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания және Германияда мереке күні (Christmas Day) болғандықтан, USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, EURKZT_0_002 және USDKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 332,37 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –  91 000 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 347,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 650 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер  тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,4484 теңгені құрады, сауда-  саттық көлемі 69 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,09 теңгені (-0,81 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 162 450 мың (+18 100 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_1_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +7,9063 % құрады, сауда-саттық көлемі 611 600 мың USD болды;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу