KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 335,49 теңге

774

KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 335,49 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002  қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығы АҚШ-та 24 қараша мерекелік күн (Алғыс күні) болуына байланысты өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+1 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 335,49 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 48 000 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі АҚШ долларымен Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер

  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі АҚШ долларымен Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2204 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 49 400 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 335,69 теңгені

(+1,19 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 65 700 мың (-214 450 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу