KASE-нің таңертеңгі сессиясы: 1 доллардың құны – 336,23 теңге

778

KASE-нің таңертеңгі сессиясы: 1 доллардың құны – 336,23 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 (USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD) KASE сауда-саттықтары 24 қараша АҚШ-та мерекелік күн (Алғыс күні) болуына байланысты өткізілген жоқ Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 336,23 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 17 700 мың (+156 650 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,3911 теңгені (+0,1111 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 900 мың юань болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу