KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 333,62 теңге

945

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 333,62 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 333,62 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 137 700 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 (EURKZT_TOD) теңгемен орташа сараланған бағамы 363,55 еңгені құрады, сауда-саттық көлемі 200 мың еуроны  құрады;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3141 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 80 700 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,50 теңгені (+0,90 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 163 900 мың (+23 950 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0650 % құрады, сауда-саттық көлемі – 164 200 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1075 % сауда-саттық көлемі 16 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу