Қашаған кен орнында ауаға бу тараған

659

Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қашаған кен орнында ауаға бу тараған Фото: zakon.kz

"Солтүстік-Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы 2023 жылдың 2 қаңтары күні өндірістік учаскеде "Болашақ" мұнай мен газды кешенді даярлау құрылғысындағы бу түтігінде будың тарау белгісімен аз уақытқа алдын-ала қауіпсіз іркіліс болғанын растайды", - делінген хабарламада.

"Бұл жағдай қызметкерлер мен қоршаған ортаға қандай да бір ықпалын тигізген жоқ және өндірістік объектілер 2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап технологиялық регламентке сәйкес жұмыс істеп тұр", - деп атап өтті компаниядан.

Естеріңізге саламыз, 2022 жылы 3 тамызда дәл осы "Болашақ" мұнай-газ кешенді даярлау құрылғысында газдың тарау белгілері байқалғаннан кейін Қашаған кен орнындағы өндіріс операциялары тоқтатылған болатын.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қашағандағы осы жағдай республика бойынша мұнай өндіру жоспарының орындалмауына ықпал еткенін мәлімдеген еді.

Қашаған – Каспийдің қазақстандық тарапындағы бірінші мұнай-газ кен орны және еліміздегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба.

Қашаған операторы NCOC компаниясының акционерлері "ҚазМұнайГаз Kashagan B.V" (16,877%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%)  және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%) компаниялары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу