Қашаған кенішінің учаскесінде өндірістік операциялар тоқтатылды

646

Кеніштің өндірістік учаске аумағында 3 тамызда газ ағып кеткендіктен, "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы тоқтатылған. Бұл туралы North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы жұмада хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қашаған кенішінің учаскесінде өндірістік операциялар тоқтатылды Фото: inform.kz

"Қазір өндірістік операцияларды қайта бастауға дайындық жүргізіліп жатыр", – деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Хабарламаға сүйенсек, болған жағдай адамдардың денсаулығына "зиян келтірмеді", ауаға шығатын ластаушы заттар рұқсат етілген шекті концентрациясынан "асып кету фактісі тіркелген жоқ".

Қашаған кен орны – кейінгі онжылдықта ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Ондағы коммерциялық өндіру жұмысы 2016 жылдың күзінде басталды. Кеніштің операторы NCOC (North Caspian Operating Company) консорциумы болып табылады.

NCOC консорциумы, яғни Қашаған операторының акционерлері: KMG Kashagan B. V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B. V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B. V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc (16,807%), CNPC Kazakhstan B. V. (8,333%) және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу