Қашаған операторы 12,4 млрд теңге айыппұл төледі

829

Қашаған операторы күкірт диоксидін жағып, оны Каспий теңізіне төккені үшін 12,4 млрд теңге айыппұл төледі.  

Қашаған операторы 12,4 млрд теңге айыппұл төледі Фото: ncoc.kz

Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қашаған кен орнының операторы NCOC компаниясы экологиялық нормаларды бұзғаны үшін, соның ішінде рұқсатсыз күкірт диоксидін жағу және өндірістік суды тазартусыз Каспий теңізіне ағызғаны үшін 12,4 миллиард теңге айыппұл төледі.

"NCOC компаниясына қатысты 5 әкімшілік іс қозғалып, олар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Биылғы ақпан айында Атырау қаласы сотының апелляциялық сатысы кәсіпорынға 12 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл толық көлемде төленді", – делінген хабарламада.

Бұзушылықтарды жою туралы бұйрық қазіргі уақытта Жоғарғы сотта қаралып жатыр. 

Бұған дейін Астана қаласы сотының бірінші және екінші сатысында нұсқама заңды және негізделген деп танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу