Қашағанда 7 айда 7,2 млн тонна мұнай өндірілді

756

Ал елдегі ең ірі 3 кеніште барлығы 31,6 млн тонна өндірілген. 

Қашағанда 7 айда 7,2 млн тонна мұнай өндірілді

Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі биылғы қаңтар-шілде аралығында 7,2 млн тоннаны құрады. Ал елдегі ең ірі 3 кеніште барлығы 31,6 млн тонна өндірілген. Оның 17,5 млн-ы – Теңізде, тағы 6,9 млн тоннасы – Қарашығанақта. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,3 пайызға кем.

Биылға бекітілген жоспар қара алтын мен конденсат бойынша – 89 млн тонна. Ол да 2018 жылғыдан азырақ. Мұны энергетика министрі Қанат Бозымбаев ірі кеніштердегі ауқымды жөндеу жұмыстарымен байланысты деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу