Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша EPCC-келісімшарт жасалды

167

Зауыт жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдейді.

Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша EPCC-келісімшарт жасалды Фото: qazaqgaz.kz

Қытайда ресми түрде EPCC-келісімшартына қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

6 қарашада QazaqGaz басшысы Әлібек Жамауовтың ҚХР-ға жұмыс сапары барысында тиісті құжатқа қол қойылды.

Келісім ұлттық компанияның еншілес құрылымы QazaqGaz Processing ЖШС және халықаралық консорциум арасында жасалды.

Оның құрамына қытайлық гиганттар China Wuhuan Engineering мен China National Chemical Engineering Sixth Construction филиалы, сондай-ақ қазақстандық AVC Production ЖШС мен C-NRG ЖШС компаниялары кірді.

Жаңа ГӨЗ-ді іске қосу Қашаған кен орнынан өндірілетін газ көлемін игеруді арттыруға, ішкі нарықтағы тауарлық және сұйытылған газ тапшылығын жоюға, сондай-ақ өнеркәсіп пен коммуналдық секторды шикізатпен қамтамасыз ету арқылы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу