"Қашағанда" мұнай өндіру толық қалпына келген жоқ

550

"Қашағанда" мұнай өндіру толық қалпына келмеді. Өндірістегі инспекция қыркүйектің соңына қарай аяқталады. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қашағанда" мұнай өндіру толық қалпына келген жоқ

"Жоқ, өндіріс толығымен қалпына келмеді. Қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз", – деді министр.

Болат Ақшолақов өндірістегі инспекция қыркүйектің 20-на қарай аяқталатынын айтты.

2022 жылдың 3 тамызында "Қашаған" кен орнындағы өндірістік операциялар "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында газдың шығып кету белгілерінің анықталуына байланысты тоқтатылған болатын.

10 тамызға қараған түні "Қашағанның" операторы "North Caspian Operating Company" консорциумы кен орнында тоқтатылған "өндірістің біртіндеп қалпына келтірілгенін" хабарлаған.

Айта кету керек, "Қашаған" – соңғы онжылдықта ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру 2016 жылы күзде басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу