Қашағанда мұнай төгілген жоқ – Энергетика министрі

166

Бүгінгі таңда ғарыштық мониторингтен алынған суретке талдау жүргізіліп жатыр. 

Қашағанда мұнай төгілген жоқ – Энергетика министрі Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында Қашаған кен орнында мұнайдың төгілуін жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге белгілі, Қашағанда теңіз кешенін пайдалану кезінің бірде бір-кезеңінде мұнай төгілмеді. Қазір біз ақпаратты тексеріп жатырмыз, яғни ғарыштық мониторингтен алынған суретке талдау жүргізілуде. Ол сурет нақты жағдайды көрсетіп отырған жоқ. Яғни  мұны табиғи құбылыс ретінде көрсетіп отыр. Қазір барлық акваторияда су сынамалары алынып жатыр. Әзірге осы кезеңде мұнайдың бөлінуі расталмады. Мұнда әлі экологтар да жұмыс істейді", - деп жауап берді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер мұнай төгілді деп айтылған болжамды аймаққа тікұшақпен зерттеу жүргізілді ме деп нақтылады. 

"Меніңше, аймақтық экология департаментін тікұшақпен қамтамасыз ету қажеттігі болса, біз көмектесеміз. Әзірге тиісті аймақта су көлігі жүр, себебі су көлігінің көмегімен су сынамасын алуға мүмкіндік бар", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу