Қашағанда тәуліктік мұнай өндіру көлемі төмендеді

568

Өндірісте күкіртсутектің артуына байланысты тәуліктік мұнай өндіру көлемі азайды. 

Қашағанда тәуліктік мұнай өндіру көлемі төмендеді Фото: inbusiness.kz

Қашаған жобасында тәуліктік мұнай өндіру көлемі 450 мың баррельден 360 мың баррельге дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz ENERGY MONITOR қоғамдық қорының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, бұл Қашаған кен орнының "Д" аралындағы өндірістік желілерінде күкіртсутектің артуы салдарынан болған.

"Бұл өз кезегінде шикі газды қабатқа айдаудың шектелуіне алып келді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу