Қашағанға қатысты тапсырма мүлтіксіз орындалуы керек

691

Тоқаев Үкіметке Қашағанды толық көлемде игеру мерзімдерін ұзартуға жол берілмейтінін ескертті.      

Қашағанға қатысты тапсырма мүлтіксіз орындалуы керек Фото: akorda.kz

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қашағанды толық көлемде игеру жоспарын бекіту процесін бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

"Ақпан айында концессионер компаниялардың басшылығымен өткен кездесуде мен Қашағанды 2021 жылдың соңына дейін толық ауқымды игеру жоспарын бекітуді тапсырдым. Үкіметтен бұл мәселені бақылауда ұстауды және мерзімдердің созылуына жол бермеуді сұраймын", - деді Тоқаев бейсенбі күні Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев министрлік пен Қашаған кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) биылғы жылдың соңына қарай толық ауқымды игеру тұжырымдамасын дайындауды жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетсек, Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен орны және елдегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба. Кен орнында коммерциялық өндіру 2016 жылдың 1 қарашасынан басталды.

Қашаған операторы NCOC консорциумының акционерлері – KMG Kashagan B.V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу