Қашқын экс-банкир Мұхтар Әбілазовқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деген жаңа айып тағылды

979

Қашқын экс-банкир Мұхтар Әбілазовқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деген жаңа айып тағылды

Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА" банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілазов қылмыстық топ құрып, басқарған деген күдік тудырып отыр, деп хабарлайды Ұлттық бюро баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан".

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті Мұхтар Әбілазов, Жақсылық Жәрімбетов және басқаларға қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу жұмысын жалғастырып жатыр.       

"Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу жұмысы барысында Мұхтар Әбілазов пен оның сыбайластарының заңға қайшы әрекеттеріне қосымша айғақтар алынды. Банк қаражатын жымқырудың жаңа жолдары ашылды. Алынған фактілер Мұхтар Әбілазовтың қылмыстық топ құрып, басқарғанын, Қазақстан және одан тыс жерде әрекет еткен  бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтарға  кіргені жайындағы күдікті толықтыруға себеп болды", – делінген бейсенбі күні таралған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу