Қашқындағы олигархтар азая ма?

748

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында шет елге қашқан азаматтардың мәселесі сөз болды.  

  Қашқындағы олигархтар азая ма?

Жыл өткен сайын шет елдерде бой тасалып жүрген қазақстандықтардың саны көбеймесе, азаймай отыр. Көпшілігі экономикалық қылмысты жасап, соңынан қашып кеткендер. Арасында қазақстандық басқару жүйесін мансұқтап сыртта жүргендер де баршылық. Қашқындар мыңдап саналады. Ал олардың елге экстрадициялануы тым баяу. Шамамен бір пайызы ғана қайтарылады. Шет елдерде қалып кете салу да оңай болып қалды. Ал шет елдер біздің қашқындарымызды оңайлықпен кері бермейді. Франция тіпті

атышулы қазақстандық олигарх Мұхтар Әбіләзовты Ресейге экстрадициялауға көнбей отыр. Ал Мәскеу соты  жаңа жыл қарсаңында Әбіләзовты 15 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Оған БТА банктің басшысы кезінде серіктерімен бірге Рейсейдің 60 миллиард рублін жымқырды деген айып тағылды. Ресейлік серіктері Әбіләзовтың шылауында шатылып, олар да шет елдерге бой тасалап кеткен.

Қазақстандық қашқындар неге экстрадицияланбайды? Араларында кімдер жүр? Осыған назар салып көрейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу