Қашықтан көбінесе кімдер жұмыс істейтіні белгілі болды

829

Қашықтан жұмыс істейтіндерің басым бөлігі – әйелдер (66%). Бұл туралы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қашықтан көбінесе кімдер жұмыс істейтіні белгілі болды

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 6 саласында жұмыспен қамту төмендеген: кәсіби және ғылыми қызмет (-2,9% немесе 7,3 мың адам), өнер және ойын-сауық (-2,7% немесе 3,7 мың адам), қаржы және сақтандыру (-2,2% немесе 4,1 мың адам), тұру және тамақтану (-1,4% немесе 2,8 мың адам), көлік (-1,3% немесе 8 мың адам), мемлекеттік басқару (-1,1% немесе 5,2 мың адам).

Александра Молчановскаяның айтуынша, пандемия кезінде жұмыстың жаңа форматтарын ескеріп, қашықтан немесе қашықтықтан жұмыс істейтіндердің статистикасы жүргізілген.

"Былтыр елімізде 54 мыңға жуық адам қашықтықтан жұмыспен қамтылды. Олардың 71%-ы қалада тұрады. Бұл бірінші кезекте ауылдағы жұмыспен қамту құрылымымен, сондай-ақ қалада неғұрлым дамыған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуымен байланысты. Қашықтықтан жұмыс істейтіндердің басым бөлігі – әйелдер (66%), олардың жеке байланыс құралдары бар (86%)", – деді басқарушы директор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу