Қашықтан жұмыс істеудің құқықтық мәселесі жетілдіріледі

1149

Мәжілісте "ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Қашықтан жұмыс істеудің құқықтық мәселесі жетілдіріледі

Заң жобасына парламент депутаттары бастама болды, деп хабарлайды Inbusiness. kz.

Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіруге негіз болғанын алға тартты. 

"Қашықтан жұмыс істеуге байланысты заң жобасы арқылы еңбек қатынасын 
реттеу қажет. Бұл үшін жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимін енгізу ұсынылып отыр", – деді депутат. 

Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, комитет заң жобасы бойынша 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу