Кәсіби спорт клубтары қаржыдан қағылады

1199

Балалар спортын дамытуға басымдық беріледі.

Кәсіби спорт клубтары қаржыдан қағылады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова күні бүгінге дейін кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруға бөлінген қаражат болашақта балалар спортын дамытуға жұмсалатынын жариялады. 

"Мемлекет басшысының халыққа жолдаған жолдауын жүзеге асыру 
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында мәдениет және спорт министрлігіне халықты, оның ішінде ең алдымен балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту міндеті жүктелді. Осыған орай министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіби спорт клубтарын ұстап тұруға жұмсалатын қаржыны балалар спортына бағыттау туралы жоспар құрды. Шара шеңберінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, елорда да және ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелері ашылады", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу